Амантай қажы – еліміздегі атышулы әрі танымал тұлғалардың бірі. Бірнеше рет президенттікке үміткер болған ол өзінің шулы мәлімдемелерімен, айрықша образымен белгілі.
Амантай ақсақалдың айтуынша, ол 77 жасқа келгенімен иелігінде Алматыдағы ескі пәтерден басқа ешнәрсесі жоқ. Ал өзін аста-төк байлыққа ие деп сөгетіндердің сөзі өтірік, дейді ол. Дегенмен, ол осы жасқа дейін тапқан таянғандарын зағип жандарға беріп келгенін де жасырмады- деп хабарлайды NUR.KZ порталы