«Біздің президенттің бітімгерлігі оның жеке көзқарасына және ұстанымына негізделген», — дейді еліміздің сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары.
Қазақстанның және оның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдегі өзекті мәселелерді шешудегі рөлі 13-халықаралық «Преодолевая разрыв» – “Алшақтықты еңсеру” стратегиялық форумында талқыланған мәселелердің қатарында болды. Словенияның Блед қаласында өткен бұл шараға Қазақстан атынан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қатысты, деп хабарлады 365info.kz порталына Қазақстан Республикасының сыртқы саясат ведомствосында.
Қазақстан сияқты орта көлемдегі елдердің арағайындық жасаудағы орны мен рөлі уақыт өткен сайын арта түседі.
Өйткені әлемдік трендтер соған меңзеп отыр.
Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары ба қосуға жиналған саясаткерлерге, сарапшыларға, әлемдегі көшбасшы БАҚ өкілдеріне біздің республиканың сыртқы саясаттағы басымдықтары туралы әңгімелеп берді. Қазақстанның сыртқы саясаттағы қызметінің басты мақсаты —
халықаралық ынтымақтастықты нығайту, көп тарапты дипломатияның дамуын қамтамасыз ету және әлемде орын алған қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу.
Атап айтарлығы, Қазақстан қақтығыстардың алдын алған жөн деген сенімде.
Республика тәуелсіздікке қол жеткізген 1991 жылдан бастап, Қазақстан халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға, елдер арасындағы дағдарысты келіссөздер жүргізу, дипломатия арқылы бейбіт жолмен еңсеруге, саяси үрдістің әлеуетін жанжақты пайдалануға елеулі үлес қосып келеді.
Василенконың баяндамасында айтылғандай, дағдарыс аймақтарындағы жағдайды бейбіт жолмен реттеуді мақсат тұтқан ресми Астана дағдарысқа қатысушы елдерді халықаралық құқықтың қолданыстағы ережелерін орындауға және дағдарысты реттеудің пәрменді жаңа тетіктерін пайдалануға шақырады. Біздің еліміздің аймақтық медиатор ретіндегі рөлін Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына, Исламдық ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Азиядағы әрекеттесу және сенім шаралары жөніндегі мәжілісті шақыру туралы ұсынысын әлемдік қауымдастықтың қолдауы да растайды.
«Біздің президенттің бітігерлік қызметі оның жеке көзқарасы мен ұстанымына негізделген.
Елбасының ерен еңбегінің арқасында, түрлі елдер арасындағы шиеленіс төмендеді»,
– деп мәлімдеді Василенко.
Қазақстандық көшбасшының қажырлы еңбегі мен ара-ағайындығы арқасында 2016 жылы Түркия мен Ресей президенттері арасындағы қарым-қатынас қалпына келтірілді. 2017 жылдың басында Сириядағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу бойынша Астана процессі іске қосылып, аталмыш шараға Ресей, Түркия және Иран кепілдік берген-ді. Астанадағы келіссөздер араб республикасындағы шиеленісті елеулі түрде төмендетіп қана қойған жоқ, сонымен қатар,
соғыс қиратқан ел экономикасын қалпына келтіруге, қордаланып қалған гуманитарлық мәселелерді шешуге бастау берді.
Астана процессінің ахуалы туралы ақпарат бас қосуға жиналған мәртебелі қауымның қызығушылығын тудырды. Еліміздің сыртқы саяси ведомствосы басшысының орынбасары атап өткендей, осы күнге дейін өткізілген он руандтың негізгі жетістігі – Сирияның атысты тоқтату аймақтарындағы әскери әрекеттерді тоқтатуды бақылауға алу мен оған мониторинг жасуадың үш жақты тетігін жасау, сондай-ақ тұтқынға алынғандарды алмастыру, қаза болғандардың мәйіттерін жеткізу және із-түссіз жоғалғандарды іздестіру бойынша жұмыс тобын құруға қол жеткізу.
Одан ары, қазақстандық дипломат жиналғандарға Орталық Азиядағы халықаралық қарым-қатынастар туралы айтып берді. Сонымен қатар, Василенко Қазақстан аймақтағы елдер арасындағы қарым-қатынастың сындарлы болуы үшін жүйелі жұмыс атқарып отырғанын атап өтті. Ресми Астана аймақтағы «үлкен ойын» парадигмасындағы «барлық тараптардың үлкен жетістігі» парадигмасының өміршеңдігі мен шынайылығына сенімді.
Мәжіліске қатысушы мемлекеттер аймақаралық ынтымақтастыққа және ұсынылған форматтағы белсенді диалогты жалғастыруға, Қазақстанмен арадағы ынтымақтастықты арттыруға мүдделі екендіктерін білдірді.
Атап айтқанда, Еуропаның сыртқы әрекеттер қызметінің бас хатшысы Хельга Шмид «алты плюс бір» форматындағы Иранның ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздерді жүргізудегі және барлығын жан-жақты қамтитын әрекетер жоспарының қорытындысы болған имплементациядағы біздің еліміздің сындарлы рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, Шмид ханым Еуропалық одақтың Қазақстанмен және жалпы орталық Азия аймағымен сындарлы ынтымақтастығының, сондай-ақ тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз етуді қоса алғанда, аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешу кезіндегі жоғары әлеуетін атап өтті.
Блед стратегиялық форумының тарихы 2006 жылдан бастау алады. Аталмыш халықаралық саяси алаң түрлі сала басшыларын Оңтүстік-Шығыс және Орталық Еуропаның саясатындағы, қауіпсіздігі мен экономикалық дамуындағы заманауи мәселелерді талқылауға, сондай-ақ оларды шешудің жаңа жолдарын іздеу үшін түрлі саладағы басшыларды тарту мақсатында құрылған.
Словения үкіметі словениялық сыртқы істер министрлігінің және Еуропалық перспектива орталығының қолдауымен ұйымдастырылған 2018 жылдың басты халықаралық сыртқы саяси шарасына 70 елден 1200-ден астам қонақ қатысты. Блед қаласында халықаралық ұйымдардың және мемлекеттердің лауазымды тұлғалары, сыртқы істер министрлері, саясаткерлер, сарапшылар және жетекші БАҚ өкілдері бас қосты.
Бүгінгі таңда Блед стратегиялық форумы елдер арасындағы қарым-қатынаста әділдікті және демократияны арттыруға қатысты ой-пікір алмасатын және тоғыстыратын жаһандық жетекші алаң ретінде көрсете білді.