Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Олар келмесін…”. Саясаттанушы сырттағы қазақтарды елге шақырмайық дейді

Қазір Қытайда 2 млн қазақ өмір сүруде. Міне, сол қандастарымызды елге қайтарудың қисыны жоқ. Қайта, Аспанасты елінде қазақтарды лайықты жұмыспен қамтамасыз етіп, қытайлықтардың қазақ диаспорасына құрметпен қарауы үшін қажетті шаралар қолданған қисынды болады.

https://kaz.365info.kz/tyrkiyadagy-khazakhtar-gimalajdyn-basynda-babam-khalgan-253555

Кім және не үшін елге оралды?

Елдес Орда Қытайда тұрып жатқан қазақтардың тұрмысын зерттеумен айналысады. Бір кездері оның өзі де сол елде тұрған, сондықтан Қытайдағы қандастарымыздың басында қандай қиындықтар бар екенін жақсы біледі.

— Этникалық қазақтардың елге оралуы туралы әңгіме – екі ұшы бар таяқ сыңайлы, — дейді Орда. —

Бір жағынан, адамдардың өздері Қазақстанға қайтқысы жоқ, бірақ, неге екені түсініксіз, қоамда бұл туралы ешкім тіс жарғысы келмейді.

Ал екінші жағынан, Қазақстан Республикасының билігі қолда бар мүмкіндікті дұрыс пайдаланбай отыр. Егер Астана сол елдерде тұратын қазақтар үшін міндеттемелер мен жауапкершілікті өз мойнына алатын болса,

этникалық қазақтар Қазақстанның сыртқы саяси күшіне айналушы еді,

— деген сенімде саясаттанушы.

https://kaz.365info.kz/diletsizdikten-sharsha-an-oralman-jel-ajran-ytajym-elim-dep-e-irep-aldym-oj-240158

Оның айтуынша, басқа елдерден Қазақстанға қоныс аударған этникалық қазақтар қазір өздерінің ата-мекенінде өмір сүріп жатыр. Негізінен олар зиялы, оқыған жастар, студенттер мен ауыл тұрғындары.

Тағы жарты миллионға жуық қандастарымыз елімізге Қытайдан көшіп келуі мүмкін. Олардың бірі өзін жәбірленуші ретінде көрсе, басқаларының туыстарының көпшілігі Қазақстанда тұрады, ал үшіншілері – кәсіпкерлер. Оларға туған жерінде бизнес жасау қолайлы.

Ал төртіншілері – елін, жерін аңсаған патриоттар.

Мәселенің мәні

Бірақ қалған 1,5 миллион қазақ жылы орнынан қозғала қоймас, олардың Қазақстанға қайтуға құлқы жоқ, деген пікірде Орда. Сондай-ақ, Ресейдегі, Монғолиядағы, Өзбекстандағы қазақ қауымдастықтары да осындай пікірде.

Олар ата-қонысына қайтып келеді деп ойлау – ақылға қонбайтын дүние. Олардың шетелде қалу туралы шешімі соншалықты жаман емес,

–          дейді сөзін сабақтаған сарапшы.

https://kaz.365info.kz/oralmandardy-khashkhyn-dejtinderge-zhauap-aldymen-tarihty-okhy-222800

Ал егер Қазақстан сол адамдарды өз қамқорлығына алатынына иландыра алатын болса, сол қандастарымыз Қазақстанның өздері тұратын елдермен жақсы қарым-қатынас орнатып, оларға әсер ететін күшке айналар еді.

Ал бұл шеттегі бауырларымыздың құр елге оралып, қалың қазаққа қосылғанынан әлдеқайда маңыздырақ болушы еді.

Мақаланың ағылшын тіліндегі түпнұсқасы мына жерде

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз