Белгілі әнші Айгүл Иманбаева өнердегі әріптесі, әрі құрбысы Жанар Айжанованың қызына құда түсіп жүрген сияқты. Алайда, Жанар оған қызын бергісі келмейтінін айтып қойды.
Айгүлдің “Қызыңды бересің бе?” деген сұрауына Жанар бірден “жоқ” деп жауап берген. Әнші бұл жауапты арнайы видеоға жазып алып, өзінің Instagram-парақшасын арқылы жолдапты.
Әлеуметтік желі қолданушылары болса Жанардың қызы мен Айгүлдің ұлы бір-біріне әдемі жарасатынын жазуда.
Кім біледі, бәлкім алдағы күндері қос құрбы құдағиға айналып шығуы да ғажап емес. Қазір жастардың жүрегіне әмір ететін заман емес қой…
https://kaz.365info.kz/soge-zhamandamanyzdar-anshi-ajkhyn-tokhaly-ekeui-bir-satte-zhelide-zhazba-zhariyalady-foto-328998
Дерек көз:Sn.kz.