Нұр-Сұлтан
Қазір
-6
Ертең
-11
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

“Сағынтаев бәрін біледі…” Күзде үлкен ауыс-түйіс болғалы жатыр

https://kaz.365info.kz/ol-orala-ma-tasmagambetovtyn-rejtingi-tagy-kyshejip-keledi-326406

Міне, бір жылдан бері Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі Назарбаев тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауда ұстап отыр. Қазіргі таңда бұрнағы жылдардағыдай, көзбояшылыққа, алдартқатуға жол берілмеуде.

Сондықтан көш соңындағы әкімдерге орын алған кемшіліктерді жоюға бірнеше ай мұрсат берілген-ді. Бірақ осындай қысқа мерзімде қордаланып қалған істерді атқарып, мәселелерді шешіп, жағдайды түбегейлі түзеу мүмкін емес сыңайлы. Осының барлығы, қазірден бастап өңір басшыларының жаңа кандидатураларын қарастыруға пәрмен беріп отыр.

Айтпақшы, атап айтар дүние,

әкімдердің өздері де ойын тәртібінің өзгергенін байқап, өз жұмысына іспен ғана емес, сондай-ақ сөзбен де «салмақ» беруге тырысып бағуда.

https://kaz.365info.kz/ketip-barady-eken-sarapshy-bilikte-ylken-ozgeris-bolatynyn-ajtty-324046

Сондықтан өзінің пиар-кампаниясын сауатты ұйыдастыра алған әкімдер көш бастаған түрлі «тиімділік рейтингтері» пайда болып, өтімділікке ие болуда.

— Ал Ресей аймақтарындағы жағдай қандай?

—Қазақстандық әкімдер рейтингілерінің басым бөлігі сарапшылардың бағаларына негізделген. Бұл, әрине, дұрыс, бірақ ол шенділердің сап түзеуінде субъективизмге жол береді.

Ал бізде, мәселен, Азаматтық қоғамды дамыту қоры тарапынан жасалған губернаторлар рейтингісі  сарапшылар бағасынан бөлек, «Қоғамдық пікір», «Георейтинг», Қоры зерттеулерінің нәтижесін, РФ Мемлекеттік статискасы федералды қызметі мәліметтерін, Ресей субъектілері басшылары қызметінің медиа-қосымшасының талдауын ескереді. Яғни, ол сараптамалық талдаудың жаңа технологияларына негізделген, статистикалық мәліметтерді ескерген кешенді баға.

Сондықтан бұл мәліметтерді президент әкімшілігі ішкі саясат басқармасының және басқа мемлекеттік құрылымдардың құлшына пайдалануы тегін емес. Ал қазақстандық рейтингілер көп ретте нақты персонажға жасалған пиар-өнімді басшылыққа алады.

https://kaz.365info.kz/ol-nege-tygylyp-otyr-masimovke-khatysty-zhana-derek-belgili-boldy-324481

— Ашығын айтсақ, болашақ өзгерістер тек аймақтық деңгейде болады демексіз бе?

— Солай болатын сыңайлы. Егер Сағынтаевтың соңғы баяндамаларының мәтінін мұқият оқысаңыз, аймақтық шенділердің қайсысы мемлекет басшысының тікелей нұсқауларын орындамағаны үшін жауап тартатынын анық байқауға болады. Осы орайда, тағы бір өзекті мәселе туындайды. Қазіргі таңда Ақорданың асып бара жатқан таңдауы да жоқ,

бүгінгі күні алдыңғы шендіге қарағанда, тиімді жұмыс істейтін атқамінер табу да оңай шаруа емес.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз