Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
18
USD
521
0.00
EUR
610
0.00
RUB
6.68
0.00

Алматыдағы “Кар сити” автобазарынан бес қылмыскер ұсталды

Сонымен бірге, рейд кезінде 149 адам әкімшілік жазаға тартылып, олардың 126-сы жеке басты анықтау үшін ішкі істер органдарына жөнелтілді. Тексеріс кезінде ұсталғандардың 10-ы Өзбекстан азаматы екені анықталып, олардың Қазақстан көші-қон заңнамазын өрескел бұзғанын анықтады.

Бұдан өзге, рейд кезінде базарда жұмыс істеп жүрген үш жасөспірім де ұсталды. Олардың ата-анасы еліміздің өзге облыстарында тұратыны анықталды.
Олар кәмелетке толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығына жіберілді”, – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД ресми өкілі, полиция подполковнигі Салтанат Әзірбек.

Мұндай тексерістер енді тұрақты түрде жасалып тұрады, дейді полицейлер.

Тексерістердің мақсаты – қаладағы криминогендік ахуалды жақсартып, заңбұзушылықпен айналысатын тұлғаларды анықтау және ұстау.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2026 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз