Актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әріптесі Баян Алагөзованы және оның күйеуі Тұрсынды су жаңа пәтерге көшулерімен құттықтады. Ол Instagram Storis желісінде жұлдызды жұптың пәтерінен түсірілген видеоны жария етті.
Айгүл Иманбаева желі парақшасында Баянға құттықтауын жолдаған. Көңілді кештен видеоны Баянның өзі Instagram Stories желісінде жария етті.
Одан бөлек продюсер өзінің сансыз киімдерін көрсетіп, қыздарға “көп дүние жинамауға” кеңес берді.
“Өйтпеген жағдайда, дүниелеріңді үш немесе бес күн бойы реттеп әлек боласыңдар. Мен әлі де сонымен айналысып жатырмын”, – дейді Баян.
Айгүл де жаңа пәтердің видеосын жария етеді. Онда үй қожайыны Тұрсын Алагөзовтің жүргені байқалады.
https://kaz.365info.kz/tyrsyngali-alagozovty-paterden-shygaryp-zhiberdi-326046
“Қожайынды түсіріп жатырмын. Құттықтаймын. Керемет көрініс”, – дейді актриса.
https://kaz.365info.kz/kopke-karin-shashty-toregalidyn-sahnada-zhyjkesi-tagy-syr-berdi-video-326742
Еске салсақ, Тұрсынғали Алагөзовтің ұлы сот арқылы оны Әл-Фараби даңғылындағы пәтерінен шығарып жіберген болатын.
Дерек көз:Nur.kz.