Мәскеуде бірнеше жыл қатарынан балалар порносын түсіріп жүрген педофилдер тобы әшкереленді.
Бұл туралы Ктк хабарлады.
Төрт педофил жасөспірім балалардың қатысуымен порнографиялық бейнематериал түсірумен айналысқан. Бұл туралы Mash телеграмм-арнасы жазады. Балалар порносын түсірді деген күдікпен Сергей.Е-ні ұстағаннан кейін, басқа да оның сыбайластарын ұстауға мүмкіндік туды. Олардың пәтерінде көптеген бейнероликтер табылды. Сол роликтерді қарағанда Сергейден басқа тағы да үш еркектің бар екені анықталды.
Педофилдер бандысы Мәскеуде екі жыл бойы аталмыш іспен айналысып келген. Осы уақыт ішінде балалардың қатысуымен жүзге жуық порнографиялық видеоматериал түсіргені анықталды. Сергейді қолға түсірген соң оның сыбайластары қашып кетті. Оларды қазір полиция іздестіріп жатыр.