Футболдан Хорватия ұлттық құрамасының мүшесі Анте Ребич басында несиесі бар ауылдастарының барлық қарызын өтеп берді. Бұл туралы vijesti.rtl.hr сайтына сілтеме жасаған Еurosport хабарлайды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Ребич Сплит маңындағы елді мекенде туып-өсті. 19 жасында Италияның «Фиорентина» клубына кеткен болса да, тамыр жайған топырағын ұмытпады. Кішігірім ауылдың басында несиесі бар барлық тұрғындарының қарызын төлеп берді», – деп жазады Vijesti басылымы.
https://kaz.365info.kz/frantsiya-chempion-ach-2018-finalynda-tagy-bir-rekord-zhanartyldy-324010
Айта кетейік, Ребич Хорватия сапында Ресейде өткен 2018 жылғы Әлем чемпионатының 6 кездесуіне қатысып, Аргентина қақпасына бір гол соқты.
Кеше, 15 шілдеде Хорватия құрамасы Франциямен финалдық ойында кездесіп, мундиальдың күміс жүлдесін иеленді.
https://kaz.365info.kz/ach-2018-luka-modrich-altyn-dopkha-ie-boldy-324094