Қылығы біртүрлі қалыңдықтың той кезінде түсірілген видеолар әлеуметтік желілерде тарап, біршама талқыға тиек болған.
Желіні шулатқан сол қалыңдықтың ақыры кім екен белгілі болды. Сөйтсек ол әнші MAKVIN-нің, яғни Нұрболат Базарбаевтың қалыңдығы боп шықты.
Нұрболаттың өзі алматылық, 1990-шы жылғы. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваторияны тәмамдаған. Түрлі конкурстардың жүлдегері. Білікті пианист. Романист.
„Хочу к Меладзе„ шоуына қатысып, өте жоғары бағаға ие болған. Қалыңдық та шоу-бизнестің адамы. Тойда қос жұп бірге ән шырқаған.
“Дəстүрді өзіміздің қазақ жігіттері немесе қазақ қыздары түсініп, қастерлемесе, қазақтың болашағы дүбəрə болады! Келін болып түсіп жатқан қыздың істеген ісіне “мұның дұрыс емес” дейтін көзі ашық, санасы ояу адам болмағаны ғой!”, — деп ашынып жазған қолданушылардың бірі.
https://kaz.365info.kz/aseli-kim-toregalidyn-boten-khyzben-syjisken-videosy-pajda-boldy-video-323985
Ал енді бірі “Сондай керемет, жарайсың!” деп мақтаған.
Ал мына видео 4 жыл бұрынғы. „Хочу к Меладзе„ деген шоуға қатысып жатқан Нұрболат: „Залда қызым отыр„ деп айтып, оны кейіннен көпшілікке көрсетеді. Бірақ қазіргі алып жатқан қалыңдығына оның еш қатысы жоқ. Мүлде басқа қыз.
“Қалыңдығымның есімі – Жәния. Ол зиялы отбасыдан шыққан. Ата-анасы ғалымдар, химиктер. Өзі биші. Спорттық бал биінен спорт шебері. Халықаралық жүлделері көп. Көп жыл бойы Италияда, АҚШ-та тұрып, бимен кәсіби түрде айналысты.
Ол спорттық бал биінен әлемнің вице-чемпионы. Әкесіне көбіне Еуропада жүреді. Ал менің апам Шымкенттікі. Ол менің үйленгеніме қатты қуанды.
Қазақ дәстүрін жақсы білеміз”, – дейді әнші.