Әйелі Баянды сабап түрмеге түскен Бақытбек Есентаевтың қарындасы өз отбасына қиын күндері қолдау көрсеткен Қайрат Нұртасқа өз алғысын білдірді.
Бақытбек Есентаевтың қарындасы Нағима өткенді еске алып, Инстаграмдағы парақшасында жазба жариялады. Өз жазбасында ол хитмен әнші Қайрат Нұртасты сөз етіпті.
“Өткен күн, бүгінгі тариx дегендей. Былтыр тура осы куні Қазағымның еркесі, құлағымыздың құрышын тек хит әндерімен қандырып жүрген, қарапайым ғана Қайрошымызбен фотоға түсіп, әндеріне аяғымыз талғанша билеп, соңында біз Қайратжанды емес, ол бізді машинамызға дейін отырғызып шығарып салып еді.
Сол күнгі кездесуде Қайрат маған келіп, құлағыма бір-екі ауыз жылы сөзін айтып, демеу беріп еді . Сол сөздері әлі жанымда сақталып жүр.
Менің де саған айтарым бар Алла ешқашан адастырмасын, не берсе де адалынан берсін”, – деп жазды Бақытбек Есентаевтың қарындасы.
https://kaz.365info.kz/ashyp-iisketti-atyshuly-bajzakhova-tagy-bir-yyatsyz-videosyn-zhelige-zhyktedi-323702
Бұдан бөлек Нағима Есентаева Қайраттың өз жары – Жұлдызды ешкімге көрсетпей жүрген кезіндегі видеосын да жүктепті. „Розовый көйлектегі Қайраттың Жұлдызы ғой„
деп жазды видео астына ол.