Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
9
USD
443
+0.61
EUR
475
+1.05
RUB
4.74
-0.01

“Ойбай, сенбеңіздер!..”. БЖЗҚ қоры атынан жалған мәлімет тарауда

Сондай-ақ, «БЖЗҚ» АҚ барлық салымшыларды қор қандай да бір ұтыстар ұйымдастырумен, жеке мәліметтерді электрондық әдіспен жинаумен айналыспайтыны туралы және өз атынан мұндай іс-әрекет жүргізуге өзге тұлғаларға құзырет бермейтінін ескертеді.

«Өздеріңіздің жеке мәліметтеріңіздің құпиялығын қамтамасыз ету үшін мұндай электрондық хабарламаларға, телефон қоңырауларына, СМС-хабарламаларға жауап бермеңіздер және электрондық жолдаудағы сілтемелерге кірмеңіздер. Олар ірі компаниялардың атын жамылып әрекет етеді.

Сыйлықтар мен ұтыстар туралы уәделерге сенбеңіздер. Бұл туралы жақындарыңыз бен таныстарыңызға ескертуді ұмытпаңыздар.

Мұндай қоңыраулар мен жолдаулар туралы міндетті түрде БЖЗҚ-ның 1418 байланыс орталығына хабарлаңыздар», – деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз