Ақтауда 61 жастағы массаж жасаушы мен екі қыз ауруханаға пышақ жарақатыме жетікізілді.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
Зардап шеккен қыздардың бірінің екі білегі мен жамбасы тілінген. Ер адамның беті, сол жақ білегі мен жамбасы тілінген.
“Алғашқы медициналық көмектен кейін олар үйіне жіберілді. 1990 жылы туған қыздың мойны тілінген, кеңірдегіне тиген. Оған операция жасалды. Қазір жағдайы тұрақты, жансақтау бөлімінен хирургияға ауыстырамыз”, – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы жедел медициналық жәрдем бөлімінің меңгерушісі Айтқали Шалабаев.