Бүгін Қазақстан жұртшылығы шілденің алғашқы жексенбісі – 1 шілде күні Ұлттық домбыра күнін алғашқы рет атап өтуде.
Айта кетсек, шілденің алғашқы жексенбісін ұлттық аспабымыздың төл мерекесіне айналдыру туралы шешім Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жақында ғана белгіленген болатын. Ел Президенті ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде қоғамды одан әрі топтастыру мақсатында осындай қаулы шығарған еді.