Биыл 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы көлемі 67 пайызға өседі, бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлады “Алматы” телеарнасы.
Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесі қайта қаралған. Толыққанды еңбек өтілі уақытын анықтау үшін 2 миллионға жуық қазақстандықтың құжаттары түбегейлі тексерілген.
“Зейнет жасындағы азаматтарға берілетін сома көлемі еңбең өтіліне қарай 54 -100 пайыз аралығын құрап отыр. Бұл өзгеріс 2 миллион адамды қамтиды. Оның ішінде 1 миллионға жуығы ең жоғары зейнетақыны алады. Қалған 930 мыңының зейнетақысы 37-ден 81 пайыз деңгейінде болады”, – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова.
Іс жүзінде демографияны көтеріп, елге оралатын азаматтардың бейімделуіне ешбір қолдау жоқ. Осыған орай, аталмыш ведомство ағымдағы жылы көші-қон мәселесін ретке келтіретін қадамдарды қолға алмақшы.