Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Қазақстанды цифрландыру бағдарламасы қай деңгейде жүзеге асырылуда?

2263

Ал 2011 жылдың 18 қаңтарында Нұрсұлтан Назарбаев ел асыға күткен ұлттық жерсерік «OTAU TV» телерадиохабар тарату желісін іске қосты. Қазірде ұлттық оператор қызметін пайдаланатын үй шаруашылықтарының саны миллионға жетіп отыр.

Цифрлы стандартқа көшкен кезде, елімізде жерсеріктік жүйе абоненттерінің саны небәрі 6 300 болғанын ескерсек, бұл үлкен көрсеткіш.

Бұл, әсіресе, ауыл тұрғындарына қатысты, себебі оның абоненттерінің 70 пайыздайы ауылдық жерлерге тиесілі.

Мінекей, осы Жолдауда елімізде «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылады деп белгіленген.

Назарбаев: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек.

Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деп нақты тапсырма берген.

Дерек пен дәйек

Экономиканы цифрландыру бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2020 жылға дейін

ЖІӨ-ны 4,58 пайызға, ақпараттық коммуникациялық технологиялардың өнімділігін 31 пайызға, интернет қолданушылардың санын 80 пайызға дейін арттыру, тұрғындардың 95 пайызын цифрлы xабар таратумен қамту, азаматтардың цифрлық сауаттылығын 80 пайызға дейін арттыру және электронды мемлекеттік қызмет көрсетудің үлесін 80 пайызға дейін өсіру көзделуде.

Бұл мақсатта осы бағдарлама шеңберінде елімізде 250-ге тарта радиотелевизиялық станса іске қосылмақ.

Цифрландыру және әріптестік

Күні кеше Астанада цифрландыру бағдарламасының орындалуына қатысты ауқымды іс-шара өтті. Осы шарада цифрландыру бойынша соңғы 12 айдағы атқарылған жұмыстарға баға берілді.

«Соңғы 12 айда «Самұрық-Қазына» қорының трансформация бағдарламасы қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бұдан сырт «ҚТЖ», «Қазатомөндіріс»,  KEGOC, «Қазпошта», «Самұрық-Энерго» сияқты компанияларда цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Дегенмен, бұдан дәл қазір нәтиже күткеніміз асығыстық болар.

Алдағы 1-2 жылдың ішінде барлық компаниялар негізгі процесстерді басқаруға мүмкіндік беретін орталықтандырылған және интеграцияланған жүйеге көшеді деген сенім мол»

– дейді Қазақстандағы SAP компаниясының (бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеумен айналысады, ред.)  директоры Максим Ламсков.

Оның атап өткеніндей аталған уақыттың ішінде жобалық ресурстар әзірленіп, нақты тәжірибе жинақталады. Бұл өз кезегінде отандық экономиканы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында дамытуға іргетас болмақ.

Оның бұлай деуі тегін емес.

Алдағы 3 жылда SAP Қорға қарасты компаниялардың транформациясына белсенді араласатын болады.  Ламсковтың айтуынша, 25 мамырда Санкт-Петербургтегі экономикалық форумда SAP компания мен «Самұрық-Қазына» меморандумға қол қойған.

Осы келісімшарт аясында жобаның жүзеге асу барысын қадағалайтын Бақылау кеңесі құрылады. Бұдан сырт 2022 жылға дейін SAP компаниясы «Самұрық-Қазына» қорында жүзеге асырылатын цифрлық жобаларды қолдау мақсатында қосымша кеңесшілер мен сарапшылар тобын құрмақшы.

Цифрландырдудың қыр-сырына қанық мамандардың пікірінше «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты адам капиталын арттыру.

Әлемдік тәжірибеге көз жүгіртсек мемлекеттік басқару мен экономиканы табысты түрде цифрлық трансформациялау бұл  саланы бүге-шігесіне дейін білетін мамандар көмегімен ғана жүргізіледі.

«Осы себепті де біздердің Қазақстандағы негізгі бағытымыз Университеттік альянс бағдарламасын құру. Қазір бұл бағдарламаға Қазақстандағы 12 ЖОО мүше. Күні кеше бұл жобаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да қосылды», – дейді осы орайда SAP компаниясының басшысы.

Түсінгеніміз, осы арқылы цифрландыру ісіне болашағынан үлкен үміт күттіретін жас ІТ мамандар да атсалысатын болады.

Ламсковтың атап өткеніндей аталған жоба аясында ұстаздар мен студенттер цифрлы технологияның қыр-сырымен танысып қана қоймайды, сонымен қатар университеттерде  Next-Gen Lab деп аталатын инновациялық зертханалар да құрылады.

Осынау шара барысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын белсенді орындап жатқан компанияларға жүлде табысталды.

Айталық, «Бизнес-трансформациясы» бағытында «Қазмырыш» компаниясы жеңімпаз атанды. Соңғы 11 айда компания SAP-тың цифрлық ядросын өндіріске кіріктірген. Ал «Алдыңғы қатарлы технологиялар» бағытында Қазақстанның халық банкі топ жарды.

  • Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз