Еліміздегі 20 мыңнан аса мұғалім Ұлттық біліктілік тестілеуінің межелік деңгейінен өте алмады.
Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Мұғалімдерге арналған Ұлттық біліктілік тестілеуі 26-28 мамыр аралығында республика бойынша алғаш рет өтті. Тестілеуге қатысуға өтініш берген 60,4 мың мұғалімнің тек 56,9 мыңы тестіге қатысқан.
Сондай-ақ, тестілеу орталығындағылар тест нәтижесі бойынша ең үздік көрсеткішті «педагог-сарапшы» санатына өтініш бергендер көрсеткенін мәлімдеді.
«Педагог- модератор» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 17775. Шекті деңгейден өткендер – 11 505, оның ішінде қазақ тілінде – 7905, орыс тілінде – 3600. Орташа балл – 68,1.
«Педагог- сарапшы» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 22231. Шекті деңгейден өткендер – 13358, оның ішінде қазақ тілінде – 8965, орыс тілінде – 4393 тестіленуші. Орташа балл – 63,5 құрады.
«Педагог- зерттеуші» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 18490. Шекті деңгейден өткендер – 10652, оның ішінде қазақ тілінде – 6457, орыс тілінде – 4195 тестіленуші. Орташа балл – 68,1 құрады.
«Педагог- шебер» біліктілігі бойынша өтініш бергендер – 1980. Шекті деңгейден өткендер – 757, оның ішінде қазақ тілінде – 431, орыс тілінде – 326 тестіленуші. Орташа балл – 43,1 құрады.