Белгілі актриса 17 жасар ұлының немен айналысатынын және бұрынғы күйеуімен арақатынасы жайлы айтып берді.
Линда қазір ұлын қай жоғары оқу орнына түсіруді ойластырып жүр. Бір қызығы 17 жасар Альрами әжесі мен анасының жолын қумаған.
“Ол киноға түсуден үзілді-кесілді бас тартты. Альрами сурет салғанды жақсы көреді. Кішкене кезінде екі қолына фломастерді алып екі бірдей роботтарды салатын. Оның суретке деген қызығушылығы әкесінен дарыған. Біз қазір дизайн немесе анимациялық және компьютерлік графика суретшісін таңдамақпыз. Бізге жоғары оқу орнын таңдау ғана қалды”, – дейді Линда Нығматулина.
“Менің бұрынғы күйеуім – ол өте жақсы адам”
Линда баласының әкесі, яғни бұрынғы күйеуі Мұхтар Өтәлімен қарым-қатынасы жайлы да айта кетуді ұйғарды. Айырылысып кеткендеріне көп болса да Линда бұрынғы күйеуі жайлы жақсы сөздер айтады.
“Ол өте талантты адам. Екеуміз баламыз болған соң ғана араласып жүрген жоқпыз. Ұлым үшін оған деген алғысым шексіз. Мен бұдан бұрын да оған алғыс айтатынмын, бұдан кейінде айта беремін, өйткені балам әкесіне ұқсаған. Баламның әкесі жақсы адам.
Мен ол кезде 18-де ғанамын ғой. Сонда ол бала дүниеге келуі керек деп шешім шығарған. Оған өле-өлгенше разымын.
Қызғаныш болды, бір-бірімізді қажап, қинай бердік, содан ажырасқан дұрыс деп шештік”.
Айта кетелік, Мұхтар Өтәлі музыкант, 90-шы жылдардағы атақты „Бублики„ тобында өнер көрсеткен. Бүгіндері оның басқа отбасы бар. Ал Линда екінші рет мүлде күйеуге шықпаған.