Елордалық жедел жәрдем орталығының диспетчері ұзақ күттірмей, екіқабат әйелдің аман-есен босануына көмектесті.
Бұл туралы Ктк хабарлады.
«Стансаға телефон соққан әйелге колл-орталықтың диспетчері ауызша ақыл-кеңес беріп отырды. Сөйтіп екіқабат әйел жедел жәрдем бригадасы келгенше өздігімен босанды», – деп хабарлады Астана жедел жәрдем стансасы.
«Жүктілік кезеңі ойдағыдай өтіп, жеңіл босанды. Жедел жәрдем бригадасы келісімен анасы мен баласына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп,
перзентханаға жеткізілді», – делінген таратылған хабарламада.
https://kaz.365info.kz/sajtan-siyakhty-adam-tanymastaj-ozgerip-ketken-arapbaevany-okhyrmandarynyn-synyna-khaldy-319320