Алматылықтар еліміздегі ең танымал туристік орындардың бірі Алакөлге ұшақпен жете алады.
Жақын күндері Алматы әуежайынан Үшаралға алғашқы рейс көкке көтеріледі. Ұшақтар аптасына бес рет қатынайтын болады.
Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысының айтуы бойынша Алматы-Үшарал-Алматы бағытында ұшақтар дүйсенбі мен сенбі күндері ғана қатынамайды. Билеттің бір бағытқа құны 10 мың теңге.
Үшаралдағы әуежай былтыр 21 шілде күні іске қосылған болатын. Бұған дейін әуе рейсі Астана-Үшарал, Талдықорған-Үшарал бағыттары бойынша қатынады. Әуежай Алакөл жағалауынан 86 шақырым жерде орналасқан.
Биыл Алматы облысындағы айдынды Алакөлге 1 миллионнан аса турист келетіні күтілуде. Туризмді дамыту жағдайымен танысу үшін Нұрсұлтан Назарбаев барған еді.
Дерек көз:Ktk.kz.