Жуырда қазақ көрерменіне жол тартқан “Әміре” кинофильмінің тұсаукесеріне Гүлзира Айдарбекова да қатысты. Қайрат Нұртастың анасы аталған кинокартинаға қатысты пікір білдірді.
“Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында белгілі продюсер Әміре Қашаубаев пен бүгінгінің “хитмені”, өзінің ұлы Қайрат Нұртас жайлы сыр шертті, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
“Кино өте ұнады. Әміре Қашаубаевты бүкіл қазақ елі тануы керек. Өзіміз де кішігірім болса да түйін, ұғым пайда болды. Ең бастапқы ел ағалары ғой. Киноның ішіне кіріп кете жаздадым. Бұл жастарға керек дүние ғой деп ойладым”, – дейді Айдарбекова.
Гүлзира Үсенқызы үшін бүгінгінің Әміресі – өзінің ұлы Қайрат Нұртас.