Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
523
-2.03
EUR
549
-1.55
RUB
5.07
-0.02

«Мирзияев менікі…». Трамп Путиннің аузына құм құйды (видео)

Сарапшының пікіріне құлақ ассақ,

американдықтар үшін экономикалық байланыстарға қарағанда, саяси мәселелер маңыздырақ.

Мақсат – Өзбекстанды Ресей мен Қытайдан “тартып алу”.

https://kaz.365info.kz/nazarbaevkha-beripti-goj-mirziyaev-ayakh-astynan-akhsh-kha-bargaly-zhatyr-315025

«Осы орайда, АҚШ-тың Үлкен Орталық Азия жобасын назардан тыс қалдырмаған абзал. Өйткені

осы жоба аясында Америка аймақтағы елдерді Ресейдің ықпалынан тартып алып, Батысқа қайта бағдарламақшы.

АҚШ-тың тағы бір геосаяси бақталасы — «Бір белдеу – бір жол» жобасын алға тартқан Қытай.

https://kaz.365info.kz/donald-tramp-zhas-kezinde-demi-bolypty-236240

Экономикалық ынтымақтастық мәселесіне келетін болсақ, бұл жерде елеулі өзгерістерге иек артудың еш қисыны жоқ.

Өйткені Өзбекстанның экоспортқа шығаратын шикізаттық әлеуеті Қазақстанмен және Түркіменстанмен иық тірестіре алмайды. Олардың қолынан келетіні – Вашингтонға елде жұмыс істеп жатқан ресейлік мұнай-газ компанияларымен бәсекеге түсуді ұсыну», — дейді жағдайды саралаған Куртов.

https://kaz.365info.kz/b-ri-b-ldirgen-putin-eken-donal-tramp-resej-prezidentini-byly-yn-shkereledi-245138

Бұдан бұрын Шавкат Мирзияев: «Өзбекстан ешбір саяси-әскери блоктарға қосылмайды» деп мәлімдеген. 

«Жақын көршілеріміз — Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан елдерімен ашық, достық әрі сындарлы саясатымыз кенжелеп қалды», — деді ол.

Мирзияевтің айтуынша, Өзбекстанның сыртқы саясаттағы басым бағыт — ТМД елдерімен қарым-қатынасты арттыру, әсіресе Ресей Федерациясымен достық байланысты нығайту және дамыту.

Оның мәлімдеуінше, сыртқы саясатта АҚШ-пен өзара тиімді әрі сындарлы әріптестікті жан-жақты дамыту да басым бағыттардың бірі болып қала береді. Бұған қоса, Мирзияев Өзбекстанның Қытай, Жапония, Корея Республикасы және басқа да елдермен экономика, инвестиция, ғылым және технология, білім, денсаулық сақтау және туризм салаларында жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтуды көздейтінін мәлімдеді.

«Түрлі әскери-саяси блоктарға қосылмау, Өзбекстан аумағында басқа елдердің әскери блоктары мен нысандарын орналастырмау, сондай-ақ ел әскерін шетелге жібермеу ұстанымдары өзгеріссіз қалады», — деді Мирзияев.

https://www.youtube.com/watch?v=XBxwgy50kbY

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз