Көкшетауда ірі кәсіпкер, жанар-жағармай станцияларының қожайыны Владимир Свидерскийдің 29 жастағы кіші ұлы Вячеслав қымбат көлігімен жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Бәрінен бұрын, жергілікті тұрғындар оның жазадан құтылып кететініне бек сенімді. Өйткені ол бұған дейін де заңды белден басып, жазаға тартылмаған, – деп хабарлайды КТК телеарнасы.
https://kaz.365info.kz/bygan-ozi-zhaza-zhokh-pa-baj-balasy-makhsat-ysenov-tagy-bylik-shygardy-video-264957
Ал зардап шеккен 35 жастағы Александр Антоновты жедел жәрдем емханаға алып кетіпті. Басынан жарақат алып, миы шайқалған ол облыстық емхананың нейрохирургия бөлімшесінде ем алуда.
Көкшетаулықтар кәсіпкердің ұлы жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды. Себебі Свидерскийдің үлкен ұлы Владимир де қалада талай дауға қатысы бола тұрып, барлық жағдайда кінәсіз болып шығатын дейді тұрғындар.
https://kaz.365info.kz/al-khajtesinder-shygyp-aldym-baj-balasy-makhsat-ysenov-kimmen-eregesip-zhyr-foto-270956
Дегенмен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
https://www.youtube.com/watch?v=80gRvg_L86c