Әнші Луина алғаш рет бұрынғы сүйіктісі әрі продюсері Жомарт Сүлейменовпен не себепті айырылысқанын түсіндірді. Ол “экс-ғашығына қасарысып омырауын үлкейтін алды” деп сынағандарға жауап берді. Луина бұл жайында “Время” басылымының тілшісі Оксана Василенкоға сұхбат берген.
“Жоқ, тіпті де олай емес. Жомарт екеуміздің айырылысқанымызды биылғы жылдың қаңтар не ақпан айында Instagram-дағы парақшасында жазды, ал біз өткен жылдың қараша айында айырылыстық.
Қырсығып омырауымды үлкейтетін болсам, одан бері де біраз уақытым болды. Бірақ мен мұндай қадамға енді барып отырмын. Оның үстіне, менің азаматтық некедегі экс-күйеуім омырауыма қарсы емес еді”, – дейді Луина.
https://kaz.365info.kz/men-maspyn-otandykh-anshi-bejnebayanynyn-tysaukeserinde-maskhara-boldy-foto-313908
Бұл орайда әнші алғаш рет онымен не себепті айырылысқанын айтып берді.
“Өмірде сырт көзге мінсіз көрінетін, алайда шын мәнінде проблемасы көп талай жұпты көрдім. Біз жеті жыл бірге тұрдық, оған барлығы үшін алғыс айтамын.
Маған көп нәрсе үйреткені үшін, шығармашылығым үшін рақмет. Мінезіміз келіспей қалды дей алмаймын. Дәл мінезге келгенде барлығы жақсы болатын.
Бұл жайлы алғаш рет айтуға дайынмын: мен бұл адамды жақсы көрмей кеттім, оған деген сезімім сөнді. Оны ұстап тұрудың еш мәні жоқ еді, себебі бірнеше жылдан бері осылай жалғасып келді.
Жомартты да дайындадым. Жалпы ол да дайын болды. Ересек азамат ретінде бірдеңені өзгертуге тырысты, мен де тырыстым. Бірақ қолымыздан келмеді.
https://kaz.365info.kz/azhyrap-kettik-tosin-ylkejtken-luina-kyjzeliske-tysken-bop-shykhty-foto-312893
Мен бар болғаны оны сүймей кеттім.
Ондай-ондай өмірде болып тұрады. Оның опасыздық жасауы немесе маған сыйлық жасамай қоюы міндетті емес. Тек сезімімді әркез “тонуста” ұстағанды ұнатамын. Ал мен сол нәрсені жоғалтып алдым”, – деген Луина қазіргі уақытта ақырындап өз-өзіне келгенін атап өтті.
https://kaz.365info.kz/ysh-ret-agyp-ketti-tosin-ylkejtem-dep-opykh-zhegen-kelinshek-syryn-akhtardy-312680
Дерек көз:Stan.kz.