Қырғызстан мен Өзбекстан шекаралық аудандарда жаңа шекаралық өткізу бекеттерін ашуы мүмкін.
Бұл туралы Өзбекстан сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Кабар.
Бұл мәселелер 2-8 мамырда Жалалабад қаласында (Қырғызстан) өткен кезекті кездесу барысында қаралды.
«Екі елдің шекаралық аудандарындағы тұрғындардың жағдайын жақсарту мақсатында тараптар жаңа шекаралық өткізу бекеттерін ашу мәселелерін қарады», – делінген хабарламада.