Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елордалық “Сарыарқа” ауданында орналасқан жаңа мешітке барды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан президентіне мешіттің салыну барысы, сондай-ақ осы ғимаратты электр қуатымен және жылумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері жөнінде мәлімделді.
Мешіттің басты ғимаратының солтүстік жағында орналасқан мұнараның биіктігі – 43,5 метр. Ол “қалам” – “қасиетті қауырсын” түрінде бой көтерген.
Жаңа мешітті энергия қуатымен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын баламалы энергия көздері қажетті мөлшерден үш есе көп электр қуатын өндіреді. Жаңа мешіт 750 адамға лайықталған.
Мешіт ғимаратының ауданы – 2248 шаршы метр. Орналасқан жердің ауданы – 1,44 га.