Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
7
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

Алматыда жол ережесін өрескел бұзаған қызыл нөмірлі көліктің иесі іздестірілуде (видео)

“Жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған D 09 007 нөмірлі көлік түсірілген видеожазбаны тексердік. Көрсетілген мемлекеттік тіркеу нөмірі Қазақстанда берілмейді. Алайда мұндай нөмірдің Беларусьтің Қырғызстандағы елшілігіне тіркелгенін анықтадық. Бұл нөмір ақ түсті Hyundai маркалы көлікке тіркелген. Ал видеода “ВАЗ” автокөлігі көрсетілген. Ереже бұзған адамды анықтап, жауапқа тарту бойынша жедел шаралар жүргізуді сұрап, бұл мәліметті Алматы қалалық ІІД-ге жолдадық”, – деп пікір білдірді ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, министрлік өкілдері шетелдік дипломатиялық корпустың қандай да бір ереже бұзушылығын, оның ішінде жол қозғалысы ережесін бұзуын құптамайтынын және әрдайым еліміздің заңнамасын сақтауы үшін жұмыс жүргізетінін айтып отыр.

Еске салайық, видеоны редакцияға жолдаған оқырманның айтуынша, оқиға Алматыда 17 сәуірде Әуезов – Жамбыл көшелерінің қиылысында болған. Роликте дипломатиялық нөмірлі Lada Largus көлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы жолмен жүріп, оған қарсы келген көлік жүргізушісімен жанжалдасады. Кейін Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған адамның іздестіріліп жатқанын хабарлаған.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз