“Уфа” футбол клубының шабуылшысы Еркебұлан Сейдахмет жарақат алып қалды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Bashinform.ru сайтына сілтеме жасап.
Бірақ қазақстандық футболшының қайда, қалай жарақат алғаны туралы мәлімет жоқ. Сондай-ақ «Қазақтың Мессиі» атанған Еркебұлан Сейдахметтің қашан алаңға шығатынын белгісіз.
Қазақ футболшысы Ресей премьер лигасында 2 ойында жасыл алаңға шықты. Нақтырақ айтсақ, жерлесіміз «Анжиға» қарсы ойынның 46-минутында командасына 2 гол салуға көмектескен. Қорытынды есеп 3:2, уфалық клубтың пайдасында. Ал екінші рет алаңға Еркебұлан ресейлік «Арсенал» клубына қарсы матчта шыққан. Ол ойынның 81-минутында басқа футболшыны ауыстырған.
Ал мәскеулік «Динамо» (1:1), «Краснодар» (1:0) және «Зенит» (1:2) командаларына қарсы ойындарда отандасымыз қосалқы құрамда отырған.
Еске сала кетейік, 22 сәуірде «Уфа» клубы мәскеулік «Локомотив» командасына қарсы ойнайды.