Жезқазғанда 13 жастағы оқушы қыз әкесінің өзін зорлағаны туралы айтып, «Кәмелет жасқа толмаған баланы зорлау» бабы бойынша соттатып жібере жаздады, деп хабарлайды Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Қарағанды облыстық қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған сотында 13 жастағы қызын зорлады деп айыпталған ер адамның ісі қаралды. Бұған дейін сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында қыз бірнеше жыл бұрын әкесінің өзін зорлағанын айтқан еді. Алайда сотта оқушы қыз өз жауабын өзгертіп, жала жапқанын мойындады.
Айта кетсек, аталған қылмыстық іс жабық режимде қаралды.