Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
12
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға жетіп, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді. Түнгі уақытта тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде 2 градусқа дейін үсік сақталады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз