Қазақстанда неше-түрлі парақорлар әлі күнге дейін ұсталып жатыр. Мәселен, кеше ғана Шымкентте көші-қон қызметі басқармасының бастығы пара алып жатқан жерінде құрықталды.
“Кеше Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаменті Өзіндік қауіпсіздік басқармасы және Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің қызметкерлері бірлескен операция жүргізді. Шара барысында Ішкі істер департаменті Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Н.Төлегенұлын ұстады.
Ол Ауғанстанның төрт азаматына Қазақстан Республикасының азаматтығын алуға көмектескені үшін пара алып жатқан жерінде қолға түсті.
Күдікті Шымкент қаласындағы Уақытша ұстау изоляторында қамауда.
деді ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев.