Кезінде Оралдың жігітіне күйеуге тиген Семейдің қызы Ақерке Қозыкешова асқан айуандықпен өлтірілді. Кісі өлтірді деген күдікке қыздың енесі түсіп отыр, деп жазыпты “Уральская неделя”.
Қыз Оралға екі жастағы баласын алып кетуге келген екен.
“Мәйітханада Ақеркемізді танымай қалдық. Бетінен бет жоқ, басы жарылған, өне бойы көк-ала қойдай, кеудесі пышақ ізінен көрінбейді. Сарапшы Еркенің барлық қабырғалары сынғанын айтты“, – дейді марқұмның туысы.
2017 жылдың қазан айында Ақерке пышақ жарақатымен ауруханаға түскен екен. Ол кезде күйеуі пышақтап тастапты. Бірақ кейін “мұны жасаған күйеуім емес” деп өтірік арыз жазып, істі жаптырғаны анықталды.
2018 жылдың ақпанында ажырасып, баласын алып Семейге көшіп кеткен. Бірақ бірер күн бұрын күйеуі мұның артынан келіп, баланы ұрлап әкетіпті.
Сол баласын қайтарып әкелу үшін барған екен Оралға.
Фото: Ақерке Қозыкешова. Фото uralskweek.kz
https://kaz.365info.kz/ket-khanshykh-enesinen-khorlykh-korgen-kelinshek-eriksiz-azhyraskhanyn-ajtty-305254