Нұр-Сұлтан
Қазір
-13
Ертең
-6
USD
516
+0.32
EUR
536
-0.13
RUB
5.18
0.00

“Мұндай сұмдықты көрмеппін…”. “Бақытты әйел” бағдарламасының былығы әшкере болды

101

Негізінде, сол маскалардың астында жоғарыда айтылған мақтаудың керісі, тіпті жиіркенішті сөздермен суреттеуге лайықтылары бар. Өте өкінішті.

Осыған дейін де телеарналарда талай жұмыс істедім. Мынадай сорақылықты көрмеппін”, – деп жазады журналист.

https://kaz.365info.kz/olar-bylaj-zhasajdy-ylttykh-banktin-eks-khyzmetkeri-bankterdin-bylygyn-ashty-267188

“Сол эфирді тамашалайтын қарапайым сенгіш халықты аяп отырмын. Уақыты мен санасын өз қолымен “ұрыларға” ұстатқан аңқау халыққа жаным ашып отыр.

Өзге мемлекетке тарайтын жалғыз арнада не көрсетіліп жатқаны ешкімді алаңдатпайтын сияқты.

Қазақша білмейтін, білсе де шала, жүйелі ойлай алмайтын, құлағына айтылған сұрақты дұрыс жеткізе алмайтын жүргізушіге кемшілігін айтып, түзелуді ұсынсаң соңында өзің кінəлі болып қаласың.

Тамыр- танысты қосқан істі де таза, ұятпен істеуге болатын шығар? Ереже мен тәртіп бойынша тек мақтау керек екен.

Себебі, жоба жетекшісі де жүргізуші. Эфирде сенсіреп, тұтығып жарты сөзін жеп қоятын, пысылдап отырған жүргізушіге “мұның ұят” десе тағы айтқан адам кінәлі.

Жауап: “есесіне мен табиғимын””, – деген жауап естіген ол, қонақпен сұхбат жүргізетін жүргізушінің де екінші қырын көрсетіп берді.

 

 

https://kaz.365info.kz/aj-bylaryn-ne-tanymal-zhurnalist-zejnetakhy-khorynyn-bylygyn-zhajyp-saldy-296163


“Режиссер Болат Атабаев бір жағдайға орай студентінің осындай жауабына “Табиғилық сəн болса мәдениет қайда қалады? Онда бəріміз бір – бірімізге қарап отырып, үлкен дəрет сындырайық. Ол негізгі табиғи жағдай” деп”, – дегенді ашына айтып берді журналист.

Сондай-ақ ол әріптерді анық айта алмаса да, эфир жүргізіп жүргендердің теріс қылығын айтты.

“Əріп айта алмау кемшілік емес дегенге қарапайым халық тұрмақ, үлкен арна басшылары да сеніп қалған сыңайлы. Өзін “жұлдыз” сезінетін жүргізуші келген жас қонақ қызды эфирден кейін жылатып, аузына келгенді оттап шығарып салғанын көргенде көзім тұрмақ аузым ашылды”.

“Күлкілісі, жеке парақшасына сол түні сабырлы болу, біреуді жылату былай тұрсын ауыр сөз айтпау туралы бес бет ақыл жазып қойыпты. Шіркін, өзі қолданса ғой деп қалдым. Адамдардың желідегі, эфирдегі өмірі ақиқатында мүлдем өзге екенін ұмытпаңыз. Сыйлап жүрген адамның осындай пендешілігін көргенде аздап сасып қалады екенсің”, – деп сөзін қорытындылады журналист.

 

 

https://kaz.365info.kz/makhtanamyn-ne-bolypty-ajnyr-tyrsynbaeva-ozin-synajtyndarga-zhauap-berdi-268003

Айта кетейік, “Бақытты әйел” Қазақстан арнасының басты бағдарламаларының бірі.

Дерек көз: Nur.kz.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз