Қазақ шығыс қапталында жатқан айдаһар ел – Қытайдан ежелден қауіптеніп келген. Сондықтан кезінде өз болашағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ата-бабамыз орыс патшасының қолтығына кірген.
Бүгін Қазақ елі ата-бабамыз аңсағандай, жеке шаңырақ көтерген тәуелсіз мемлекет, әлемдік қауымдастықтың толыққанды мүшесі. Алайда Қытай қазақ даласына көзін тігуді бір сәт тоқтатқан емес. Осы орайда атам қазақтың «қара қытай қаптағанда, ақырзаман болады», деген сөзін естен шығармаған абзал.
1969 жылғы наурызда Қытай Кеңес Одағына қарулы шабуыл жасады. Ядролық қаруға ие, әрі әскерінің қатарында миллионнан астам сарбазы бар екі алып мемлекет арасында әскери әрекеттер орын алды. Әңгіме ауыз толтырып айтарлықтай болғанымен, қақтығыс жергілікті деңгейде болып, ол туралы көп айтылған жоқ.
1969 кеңес-қытай шекарасында КСРО-ның аумағына басып кірмекші болған қытай әскерилерімен бірнеше қарулы қақтығыстар орын алды, деп жазады Русская Семерка басылымы. Көктемде Даманск аралында осындай осындай шекаралық қақтығыстардың ең елеулісі орын алған.
Араға бірнеше ай салып, Жоңғар қақпасындағы арандатулар басталды. 1969 жылғы тамыздың басында «Рудниковая» және «Жалаңашкөл» заставаларындағы кеңес шекарашылары іргелес жатқан Қытай аумағындағы күдікті қарбаласты байқайды.
Шекара маңына Қытай әскерінің күшейтілген бөлімшелері топтастырыла бастады.
Шекара әскерлері округі басшылығының жағдайды анықтауға бағытталған әрекеттері нәтиже бермеді – қытайлықтар олардың әрекеттеріне ешқандай мән берген жоқ.
Амалы қалмаған кеңес шекарашылары шекара шептерін нығайтуға кірісті. Сол күні периметр бойынша қажетті инженерлік құрылымдар қазылып, қапталдағы шептер екі бронетранспортермен және ұтқыр топпен күшейтілді.
https://kaz.365info.kz/khytaj-khazakh-sayasattanushylaryn-satyp-ala-bastapty-degen-khaueset-ras-pa-303068
Келесі күні таңда қытай әскерилерінің екі тобы «Жалаңашкөл» заставасының тұсынан Кеңестер Одағының шекарасын бұзды. Егер кеңес тарихында бұл қақтығыс көлдің атымен аталса, қытайлықтар оны қазақтың Жалаңашкөліне құятын Теректі өзенінің атымен атайды.
15 адамнан тұратын шекара бұзушылар тобы кеңес аумағына түрлі қашықтыққа кіріп, 1,5 сағаттан кейін, окоптар қаза бастады. Кеңес шекарашылары Қытай жағында тағы 100 диверсанттың осындай әрекеттерге дайындалып жатқанын көріп отырды.
Кеңес шекарашыларына бірінші болып оқ атпау туралы бұйрық берілді. Алдымен қытайлықтарды өздерінің ана және орыс тілінде сабасына келтіру бойынша әрекеттер жасалып, оларға мегафонмен аман тұрғандарында ел аумағынан шығу ұсынылды. Бірақ олардан жауап болмады.
Араға уақып салып, «Теректі» шекара бекетінің маңыннан кеңес аумағына кірген оннан астам қытайлықтар алдында КСРО шекарасын бұзған қаруластары бекініп үлгерген Каменная жотасына қарай бет алды.
https://kaz.365info.kz/zhykti-khazakh-ajeli-khytaj-tyrmesinen-khazakhstanga-khashyp-keldi-298696
Олардың жолын кесуге жіберілген 2 БТР шекара бұзушы қытайлықтардың қозғалысын тоқтата алмады, керісінше, шекара бұзушылар қозғалысын жылдамдата түсті. Ал кеңес тарапынан екінші мәрте КСРО аумағын босату жөніндегі ескерту жасалғанда, қытайлықтар оқ бората бастады. Содан кейін кеңес шекарашылары да оқ атуды бастады.
Шекара қақтығысы шешуші кезеңге ұласты. 13-тамызда кеңес шекарашылары Каменная жотасына бекінген қытайлықтарға тойтарыс беріп, жотаны қайтаруға талпынды.
КСРО аумағында әрекет етуші шекара бұзушыларға тағы да ондаған қытайлық әскерилер қосылды
Атап айтарлығы, олардың қолында қарапайым атыс қаруынан басқа танкке қарсы қолданылатын қару да бар еді.
Ал кеңес жағынан оларға бронетранспортерлармен күшейтілген екі шекара заставаларының жеке құрамдары төтеп берді. Кешке қарай жота қайтарылып, аман қалған шекара бұзушылар өздерінің аумағына қарай ығыстырылды.
Ресми деректерге жүгінсек, Жалаңашкөл маңындағы қақтығыста екі кеңес әскериі қаза тауып, тағы 10 шекарашы түрлі жарақаттар алды. Ал қытайлықтардың 19 әскериі атыс барысында опат болды. Бұдан бөлек, тұтқынға алынған үш қытайлықтың екеуі жарақаттар салдарынан көз жұмды.
https://kaz.365info.kz/massazh-zhasatady-baraholkadagy-khytaj-zhap-zhas-khazakh-khyzyn-yjine-kirgizip-algan-270310
Сол жылдың қыркүйегінде КСРО Министрлер кеңесінің төрағасы Алексей Косыгин өзінің қытайлық әрептесі Чжоу Эньлаймен келіссөздер жүргізіп, тараптар болашақта шекара маңында мұндай қарулы қақтығыстарға жол бермеу туралы мәмілеге келді.
Шынымен,
бұдан кейін кеңес-қытай шекарасында қытайлық шекарашылардың арандатушылық әрекеттері қайталанған емес.
Ал кеңес одағының 30 шекарашысы — Жалаңашкөл маңындағы әскери қақтығысқа қатысушылар орден және медальдармен марапатталды.
https://kaz.365info.kz/khytaj-khazakhtyn-kej-onirlerin-oz-zheri-dej-me-ministrlik-tysinikteme-berdi-302322