11 сәуір мен 31 мамыр аралығында бірқатар бағыттағы пойыз билеттеріне жеңілдіктер жасалмақ.
“Тұлпар-Тальгоның” сегіз бағыттағы жүрдек пойыздарының билеті 50 процентке дейін арзандайды, деп хабарлайды “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі.
Көктемгі жеңілдіктер 11 сәуір мен 31 мамыр аралығында жасалады. Тек 27 сәуір мен 1 мамыр және 4-9 мамыр аралығында арзан билеттер қарастырылмаған.
“Алматы – Атырау” №035/036,
“Алматы — Өскемен” №045/046,
“Алматы – Орал” №049/050,
“Астана – Қызылорда” №089/090,
“Астана — Орал” №095/096,
“Ақтөбе – Астана” №097/098,
“Алматы – Астана” №701/702 және “Шымкент – Астана” №709/710.
Бұдан бөлек, 45 тәулікке дейін билетті алдын ала сатып алған адамға 35 процент жеңілдік бар.
Осылайша, жаңа көктемгі жеңілдіктерді ескере отырып, жолаушылар 11 сәуірден бастап екі есе арзан бағаға билет сатып ала алады.