Атышулы ресейлік биші Анастасия Волочкова қазақстандық режиссер әрі ақын Хакім Булыбековпен шетелде түскен суретін жариялады.
65 жастағы режиссердің қасында аяғын аспанға көтеріп тұрған бишінің әрекетін қазақ қоғамы қатал сынға алды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Байсалды талантты адамдар да есіре алады. Өмірге қуану – ол еркіндік”, – деп жазды биші желідегі парақшасында.
Тағы бір жазбасында биші ғажап адамдардың үйінде қонақта отырғанын жазған.
Бұдан бөлек, Волочкова “шпагатқа” отырған суретін жариялап, елдің сөзіне ілікпес үшін пікір қалдыруды бұғаттап тастағанын айтты.
“Пікір жазуды қосып көргенмін. Бірақ лас сөздеріне қарап ол адамдарды аяп кеттім”, – дейді желі “жұлдызы”.