Оралда аула сыпырушының мүрдесі табылды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Облыстық авиация спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт-техникалық мектебінде аула сыпырушы болып еңбек еткен 1972 жылғы азамат әдеттегідей таңертең жұмысқа келген.
Мектеп қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, көп ұзамай марқұмның мүрдесі гараждардың артындағы қуыстан табылды.