АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің ресейлік әріптесі Владимир Путинді сайлацудағы жеңісімен құттықттауға құлық танытпады. Оның жұмыс жоспарында осыған орай Кремльге телефон шалу қарастырылмағанын Reuters агенттігіне Ақ үйдің өкілі Хоган Гидли жеткізіпті.
Оның айтуынша, Путинның өз еліндегі ең жоғарғы лауазымға қайта сайлануы Трамп әкімшілігі үшін күтпеген жағдай болмаған көрінеді.
“Біз Ресеймен қарым-қатынасымызды дамыту үшін жұмыс істейміз, ал егер Ресей біздің мүдделерімізге қауіп төндіретін болса, біз санкция слатаын боламыз. Дегенмен егер біздің мүдделеліріміз бір арнаға тоғысатын болса, біз бірлесіп жұмыс істеу мүмкіндіктерін де қарастырамыз “, – мәлімдеді Гидли.
Дүйсенбі, 19-наурызда әлемдік көшбасшылар Путинды жеңісімен құттықтай бастады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз құттықтауын телефон арқылы жеткізсе, Қытай басшысы Си Цзиньпин жеделхат жолдады, Ресей көшбасшысына өзінің ресми құттықтауларын Венесуэлы басшысы Николас Мадуро, Кубаның көшбасшысы Рауль Кастро және Сербия президенті Александр Вучич жолдады.
https://kaz.365info.kz/sybys-shygyp-zhatyr-putin-zhense-khazakhstanga-ne-bolady-304922
Сондай-ақ Путинді Германия канцлері Ангела Меркель де құттықтады.
Учаскелік сайлау комиссияларының хаттамаларының 98,81 проценті өңделгеннен кейін6 Владимир Путиннің сайлауда 76,65 процент дауысқа (55 миллионнан астам дауысқа) ие болғаны анықталды. Ресей Орталық сайлау комиссиясы Путинге көрсетілген қолдау посткеңестік Ресейдегі рекордтық көрсеткіш деп атады.