Күні кеше желіде Баян Алагөзова мен Алуа Қонарованың татуласқанын дәлелдейтін видео тарап кеткен еді. Біраз жылдан бері өзара араз болып келген қос продюсердің қылығы жұртты сүйсіндірді. Көпшілік шоу-бизнестегі екі мықты продюсердің достасқанына қуанды.
Аталған жайтқа қатысты Баянның өзі пікір білдірді. Бұл туралы НТК арнасына сілтеп Stan.kz хабарлайды.
“Иә, мен Алуаны фильмнің тұсаукесеріне шақырдым. Онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Біз бір қазанда қайнап жатқан әріптеспіз”, – деп түсіндірді Баян.
https://kaz.365info.kz/bayannyn-filminde-basty-roldi-ojnagan-on-zheti-zhasar-khyz-kim-foto-305556
Бұдан өзге, Алагөзова әріптесін көргенде қатты қуанғанын жасырмады.
“Кеше Алуаның келгеніне қуандым. Әрі оны құшақтап, қал-жағдайын сұрағаныма қуанышты болдым. Жалпы арамызда ешқандай дау болған емес. Мен ешқашан ешкіммен дауласпайтын адаммын. Барлығы интеллигентті түрде өтеді”, – дейді Мақсатқызы.
Ал Алуа Қонарова әріптесінің продюсерлігімен таспаланған “СиСиТай” фильміне қатысты ойын былай деп жеткізді:
“Өте әдемі музыка, актерлік құрам өте сәтті таңдалған. Бастан-аяқ өте қызықты әрі күлкілі болды. Мен әдетте бұлай мақтамаймын. Әсіресе, бәсекелестердің фильмін”.
https://kaz.365info.kz/bayan-makhsatkhyzy-kinom-kyshti-sapasynda-min-zhokh-masele-baskhada-300528