Павлодар облысының көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Мирас Шакрат оң жақ рульді автокөліктерге арналған құрылғы жасап шығарды.
Бұл туралы Рavlodarnews.kz хабарлады.
Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің коворкинг-орталығында Startup Weekends бизнес-идеяларының аймақтық кезеңі өтті.
Аталмыш құрылғыға қазылар жоғары баға берді. Сонымен қатар Бауыржан «Өз мамандығыңды таңда» атты сайттың прототипін қорғады. Түлектер мен оқушыларға арналған жоба көпшіліктің қызығушылығын тудырды. ҚР түлектерінің 92 пайызы онлайн-сараптама нәтижесінде осы сайттың пайдалы екендігін айтты».
Мамандардың бұл жобаларға берген жоғары бағасы Мирас пен Бауыржанның «Менің арманым» конкурсының республикалық кезеңіне өтуге мүмкіндік берді.
«Дарынды оқушыларымыз адамзаттың мәселелерін шешу мен болашақ үшін еңбектенуге дайын екенін айтуда, – дейді Гүлнар Нұрғазина. – Мирас пен Бауыржанның жобалары авторлық болып табылады. Біз оларға қашан да қолдау беруге дайынбыз. Мирас бизнес-идеясының авторлық құқығын тіркеп, өз кәсібін жетілдіруді көздейді».