Бірер жыл бұрын әнші Мұрат Қожа отбасын тастап, екінші рет шаңырақ көтерген еді. Бүгінде Мұраттың жас келіншегі мен екінші некесінен бір қызы бар. Ал бұрынғы жары Айман Нұразхан бүгінде үш қызын бір өзі тәрбиелеп отыр.
Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
Айман Нұразхан – белсенді желі қолданушыларының бірі. Оның Instagram-дағы парақшасында 67 мыңнан аса оқырманы бар. Келіншек ара-тұра қыз тәрбиесі туралы ойларымен бөлісіп отырады. Күні кеше ол оқырмандарына кенже қызы туралы сыр шертті.
“Айманның ажарлы Ажары, Алланың түссінші саған назары. Үшінші қыз дегенде көңіл-күйім түсіп кетті. Ол рас. Ойым бұзылды, ұйқы мазалады, көз алдымда үшінші мәрте пышаққа түсіп, операция үстелі көз алдыма елестеді. Жан-жақтан менің көңілімді аулаған жандар “ертең осы қыздарыңның рахатын көресің, қыз деген сенің өрісің, қыз деген, қыз деген” – деген сұрақтар жауды 9 ай бойы”, – деп еске алды Айман Нұразхан.
https://kaz.365info.kz/andaj-s-lu-m-rat-ozha-z-jeline-zi-tamsanyp-zh-r-235541
“Аллаға шүкір, қанша қиналып, бір өлімнен қалып, дәрігерлердің ұрысқанына қарамай, өмірге сәби әкелгеніме шүкіршілік таныттым. Ерекше еркелеген еркем, кенжем, болмысы бөлек, тәттінің тәттісі тіл-көзім тасқа”, – деп бөлісті ол
https://kaz.365info.kz/nyrlan-men-myrat-ykimet-basshynyn-kozine-tysip-anshi-bolgandaryn-ajtty-video-301508
Әкелері бөлек тұрғанымен, қан жібермейді! Бүгінде Мұрат Қожаның үш бірдей айдай сұлу қызы өнер десе ішкен асын жерге қояды. Әсіресе, кенжемнің өнер десе шығар жаны бөлек, дейді анасы.
“Үйде үнемі “Қазақ радиосы” қосулы болғандықтан, Ажарым әнді де, күйді де жанымен сүйеді. Қан да жібермейді ғой әрине. Темп, ритм, тональность, дауыс деген енді масқара. 5 жарым жасында өздігімен музыка мектебіне түсуді армандады. Талпынысы мықты болды. Өзіме қиын болғанына қарамастан, баламның талпынысына балта шаппайын деп тәуекелге бел будым. Ажардың сөзі мен үшін заң болғандықтан, бала-бақшадан құжаттарын сұрап алып, Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған мектепке тапсыруды ұйғардым. 3-4 күн өткен емтиханын 5-ке тапсырып, Ажарым түсіп кеткенде, тағы қуаныштан көзіме жас алдым”, – дейді Нұразхан.
https://kaz.365info.kz/tastap-kettim-aliya-anuarbek-agynan-zharyldy-289276