Нұр-Сұлтан
Қазір
-9
Ертең
-13
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

“Қарсы шықпаймыз”. КешҮоu тобының қыздары бар шындықты айтты (видео)

343

Топтың музыкалық продюсері Бағым Мұхитденова Мөлдірдің сөзі шындыққа жанаспайды деп мәлімдеме жасады. Алайда КешYou тобының қазіргі құрамында ән салатын қыздардың сөзіне қарап олай деу қиын.

“Айта берсін” бағдарламасына берген сұхбатында КешYou тобының қыздары орындайтын ән мен киетін киімдерін продюсерлердің таңдайтынын ашық айтты.

“Образымыз қызық болды. Ол Баян Мақсатқызының өзінің ойынан туындаған. Шашымыздың түсі қызыл, көк, ақ болды. Неше түрлі жылтырлар жағылды. Әрине, шетелде көп қой. Бірақ Қазақстанда бірінші бізде болған сияқты, сондықтан өте қызық болды”, – дейді қыздар Swala la la әнінің клипі жайында.

https://kaz.365info.kz/yyat-aj-ne-istep-tastagan-keshyou-tobynyn-zhana-bejnebayany-ylken-synga-yshyrady-303096

 

Баянның қыздары аталған ән мен бейнебаянды сынға алғандарға жауап берді. Ашық-шашық киіндіңдер деп ұрысқандарға КешYou тобының айтар жауабы дайын.

“Біз қарсылық білдіре алмаймыз. Продюсерлер осы әнді айтасыңдар десе, айтып шығамыз. Киім образына келгенде өз пікірімізді қоса аламыз. Бірақ 100 процент мына киімді кимеймін деп қарсы шыға алмаймыз. Кигіміз келмесе, ұсыныс білдіреміз”, – дейді топ қыздары.

https://kaz.365info.kz/bireui-bar-eken-alisher-karimovtyn-zheke-omirinde-ozgeris-bolyp-zhatyr-304335

Сондай-ақ, КешYou солистері соңғы клипті атышулы Ninety one тобының әнімен салыстырып жатқандарға жауап берді.

“Бізді 91 тобымен салыстырып жатыр, бірақ ол дұрыс емес. Осы бейнебаянға жазылған пікірлерді оқысақ, кей көрермендер Q-pop бағытына кетіпті деп жатыр. Бірақ бұл мүлдем ол бағыт емес. Бұл америкалық стильдегі ән.Қазір мәнісі жоқ сөздер сән боп кетті ғой. Шынын айтсақ, эшкере деген сөздің мағынасы бар, бірақ мәнісі жоқ. Эшкере деген берген нәрсені жұтып ал, әрі қарай алып кет дегенді білдіреді”, – дейді КешYou тобы.

 

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз