«Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында ҚР ІІМ Көліктегі ішкі істер департаменті Көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері 144 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Олардың 123-і Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған болса, оның 119-ы ТМД елдерінің, 4-еуі алыс шетел азаматтары екен.
Департаменттің Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ғани Шымырбаевтың айтуынша, көші-қон заңнамасын бұзу бойынша, 5 қылмыстық құқық бұзушылық анықталған.
– Шетелдіктер көбіне «ел аумағынан шығарып жіберу туралы сот шешімдерін орындамағаны» және «ҚР мемлекеттік шекарасын қасқана заңсыз кесіп өткендігі» үшін айыпталады.
Мәселен, Ақтөбе станциясындағы темір жол вокзалында көлік полицейлері 25 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады.
Тексеру барысында ол азаматтың ҚР аумағынан шығару туралы 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Ақтөбе қаласы әкімшілік сотының шешімін орындамағаны анықталды, – дейді басқарма бастығы.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қазіргі күні іс сотқа жолданды.
Сондай-ақ қабылдап-тарату орындарына жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ 18 шетелдік орналастырылды.