Қарағандыда бес жасар қызды айуандықпен зорлаған азғынға қол көтергені үшін, сержанттың екі жылға сотталып кеткен оқиғасы естеріңізде шығар?
Бүгін сол қаныпезердің өзіне соттың үкімі шықты. Бүлдіршінді пәтеріне кіргізіп алып, бір тәулік бойы қорлық көрсеткені үшін, енді ол өмірінің соңына дейін түрмеде отыратын болды.
Бұл туралы 31 арна хабарлайды.
Жабық түрде өткен сот тыңдалымда 50 жастағы Нұрлы Дәулетбаев кінәсін толық мойындапты.
Ал психологиялық сараптама қорытындысы, сотталушының ақыл-есі түзу екенін көрсеткен. Қылмыстық Кодекстің үш бірдей бабы бойынша кінәлі деп табылған азғын, бұған дейінде кісі өлтіргені үшін түрмеде отырып шыққан екен. Жаға ұстатарлық оқиға осыдан жарты жыл бұрын Сәтбаев қаласында болған. Аулада ойнап жүрген қызды пәтеріне су беремін деп кіргізіп алған азамат, қаршадай қызға зорлық-зомбылық әрекеттерін жасаған. Тоқ ішегі зақымданған бүлдіршінге сол оқиғадан кейін бірнеше ота жасалды.