Қарағанды облысында 14 ақпанда екі жол апаты салдарынан алты адам ажал құшты, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Бірінші жол апаты таңғы тоғыз кезінде Шешенқара ауылынан 30 шақырымдай жерде болған. Полиция мәліметіне сүйенсек, Toyota Camry мінген 62 жастағы жүргізуші Қарқаралы жаққа кетіп бара жатып, 68 жастағы ер адам мінген “ВАЗ-2123” көлігіне соғылған.
Салдарынан “ВАЗ-2123” көлігінің жүргізушісі мен 49 жастағы Toyota жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Toyota жүргізушісі мен оның 82 жастағы жолаушысы ауруханада көз жұмған. Тағы үш жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды.
Жол апаты салдарынан қос жүргізуші де оқиға орнында қаза болды. Екі көліктің бес жолаушысы ауруханаға жатқызылды.