Ғарышты игеруде жаңа белестерге шығу үшін Қазақстанға осы салада іргедегі Өзбекстанмен бәсекеге түспей, өз-ағаларымен бірлесіп жұмыс істеген дұрыс.
Ғарыш саласын зерттеу бойынша Шавкат Мирзияев қолға алып жатқан істер ерте ме, кеш пе нәтижесін беріп, Өзбекстанның осы салада Қазақстанды шаң қаптыруына әкеліп соғуы мүмкін.
Фесенков атындағы институтының бақылаушы астрофизика бөлімінің меңгерушісі Александр Серебрянскийдің пікіріне құлақ ассақ, бұл жерде бәрі айналып келгенде мемлекеттің ең негізгі ресурсы – адам капиталына тәуелді. Ал Қазақстан қазір керісінше, ғарыш саласындағы жас дарынды мамандарынан айырылуда: өз елінде қолдау таппаған жас ғалымдар өз орнын шетелдерден іздеуге мәжбүр.
Ал Өзбекстан, керісінше, дарынды жас мамандарды елде алып қалуға жанын салуда.
https://www.youtube.com/watch?v=iXt8IHEFZo8
— Қазір Өзбекстан білім мен ғылымды дамытуға ерекше көңіл бөлуде, жас ғалымдарды әлпештеп, олар жемісті жұмыс істеуі үшін жан-жақты жағдай жасауда.
Әлбетте, Қазақстанда да дарынды жастар жеткілікті, ол да жас елдер қатарында. Дегенмен Өзбекстандағы жағдай одан да жақсы — ол жақтағы халық саны көбірек, орташа жас шамасы 23,5 жас.
Ал ел басшысы Мирзияев — әдетте бастаған ісін соңына дейін жеткізетін өте іскер азамат.
https://kaz.365info.kz/zhynymdy-shygardy-khazakhstanga-oralgan-atakhty-galym-khajtadan-shetelge-ketip-khaldy-291916
Сондықтан оның ғарыштық зерттеулерді дамыту мақсатында жұмыс комиссиясын құруы көп нәрсені меңзейді. Комиссияның кейбір мүшелерін мен танимын — олар өте сауатты, білікті әрі іскер мамандар.
Бұдан бөлек, Өзбекстанда жыл сайын жастарға арналған ғарыш мектебі ұйымдастырылады. Сондықтан қазір үкімет ғылымға бөлінетін қаржы мөлшерін ұлғайтатын болса, бұл үлкен дүмпу болмақ.
Әрине, бір немесе үш жыл ішінде олар бізді басып оза қоймас, бірақ, егер біз бір орында тұрып қалсақ, олардың алға түсетіні хақ. Қазір Өзбекстан жақсы қарқынмен алға басуда.
Жалпы, бізге бәсекелеспей, бірлесіп жұмыс істеген жөн, —
дейді Серебрянский.
https://kaz.365info.kz/dyniezhyzi-galymdary-an-tan-myna-khazakhtyn-balasy-ajdy-aspannan-bir-akh-shygardy-256416
Осы арада назар аударатын жәйт, Серебрянскийдің айтуынша,
бұдан бірнеше жыл бұрын Өзбекстанның ғарыш саласындағы жағдай біздегіден төмен болыпты. Сондықтан өзбек мамандары жұмыс істеу үшін Қазақстанға келетін.
https://kaz.365info.kz/baskha-sharualaryn-zhokh-pa-khazakh-zhurnalisi-kimderge-shyjlikkenin-bilesiz-be-272370
Серебрянскийдің өзі де солардың қатарында болыпты.
— Олардағы деңгей әлі де төмен, бірақ жағдайды жақсартуға деген ұмтылыс бар.
Ал Қазақстандағы жағдай ауыз толтырып айтуға келмейді
Неге екені белгісіз, бәрі ғылымға шамадан тыс көп қаржы қажет деп ойлайды,
ал шын мәнінде, әңгіме мемлекет игілігінде бар қаржы — ЖІӨ-дегі (жалпы ішкі өнім) үлес туралы ғана.
Қазақстанда ғылымға осы үлестің тек 0,28 пайызы ғана жұмсалуда. Ал инновациялар осы үлестің 2 пайызы және одан да жоғары мөлшері жұмсалғанда ғана басталады, — дейді ғалым.
Десек те, оның айтуынша, Өзбекстанда ғылыми қызметке әлі де біздегіден аз қаржы бөлінеді екен. Оның үстіне, біздің Байқоңырымыз бар, ал бұл Қазақстанға Орталық Азияда ғарыш саласында көшбасшы болуға мүмкіндік береді.
Өткен атпада Қазақстанда ғалымдар арасында гранттарды бөлу бойынша шу шықты. Оқымыстылардың бір бөлігі сараптамаларды ең жоғарғы бағасын алған жобалар шетте қалып, гранттар сараптама жасаған ғалымдардың жобаларына берілді деп мәлімдеді. Тексеру әлі аяқталған жоқ — Бас прокуратураның жауабын күтіп отырмыз.
Александр Серебрянскийдің пікіріне құлақ ассақ, бұл қазақстандық ғылымның дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін, оның ішінде ғарыш саласындағы ғылымға да – өйткені үкіметтен түңіліп, көңілі қалған ғалымдар сыртқа көз тігіп, елден кете бастайды
— Тағы бір айналып өте алмайтын мәселе –
Қазақстанда кейде ғылымдағы білдей бір бағыттың тағдыры, оның болашағы бір ғана адамға тәуелді болады.
https://kaz.365info.kz/bykil-shymkent-osyndaj-ontystikke-bargan-sheteldik-galym-sorakhy-zhajtty-zhajyp-saldy-279252
Міне, сол адам басқа бағытты таңдап, соған қарай ауысуға шешім қабылдаса, онымен бірге жаңағы бағыт та жоғалады.
Ал ғалымдар шоғыры бір бөлшектенсе, оны қайта жинау оңа шаруа емес — олар басқа салаларға ауысып кетеді.
Сондықтан Ұлттық ғылыми кеңестің «грант бөлуде шектен шыққан ештеңе жоқ», деген уәжі, дұрыс емес.
Әділетсіздіктен күйінгендер тексеру аяқталғанда жұмысынан шығып, басқа жерге қызметке орналасуы мүмкін.
Тіпті олардың шетел асып кетуін де жоққа шығаруға болмайды, —
дейді сөзін қорытындылаған ғалым.
Серебрянскийдің айтуынша, ғылымды мардымсыз қаржыландыру грантқа шынымен кім лайық деген дауға ұласады. Әрі бұл мәселеде бітпейтін таласқа тап боласыз – өйткені кез келген ғалым өзі таңдаған сала – Қазақстан ғылымындағы басты бағыт екенін дәлелдеуден шаршамайды.
Дереккөз: 365info.kz