Саясаттанушы Данияр Әшімбаевтың пікіріне құлақ ассақ, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жоқ жерден кінәлі болып қалды. Бұл – президенттің бір сілкіп алатын әдеті. Әрі әлеуметтік саладағы мәселелерді жедел шешудің шарасы.
– Тамара Дүйсенова соншалықты беделді, салмақты министр саналмаған. Рейтингте де ол соңғы бестіктің қатарында болатын. Бірақ соған қарамастан жұмыскер және білікті мамандар санатына жататын. Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мәселесі бірнеше жылдан бері елдегі ең өзекті мәселелердің қатарында тұр. Оны шешудің депутаттар корпусы, үкімет және сарапшылар ұсынған көптеген жолдары бар.
Бірер жыл бұрын мен цифрландыру тетіктерін пайдаланып, өзін-өзі жұмыспен қамтитындарды заңдастыру жөнінде ұсыныс жолдаған едім.
Бұл жердегі бар мәселе «сен салар да мен салар, малға шөпті кім салар» демекші, мәселе шешудегі жауапкершілікті кім арқалайды?
Яғни, бюджеттік бағдарламаларды кім жүзеге асырады және басын саяси қауіп-қатерге кім тігеді? Егер бюджет бөлек ведомствода, ал қауіп-қатер сол еңбек министрлігінде болса — онда мәселені қиналмай шешуге болар еді. Сондықтан таяқтың үлкені Дүйсенованың шекесіне тиді, — дейді жағдайды түсіндірген саясаттанушы.
Экономист, «Talap» орталығының директоры Рақым Ошақбаев Тамара Дүйсенова туралы бүй дейді:
«…ол жақсы министр болды. Өз басым Тамара Дүйсенова жетекшілік еткен еңбек министрлігі мәліметтер базасында жоқ азаматтардың мәртебесін анықтап, айқындау бойынша қомақты жұмыс атқарды, деп ойлаймын. Өткен жылы еңбек министрлігі халық санағын жүзеге асырды.
Мәселен,
министрлік бес жарым миллион адамның мәліметтер базасында тіркелмегенін жариялады,
ал бұл, шындап келсек, экономика үшін өте маңызды ақпарат.
Министр және ол жетекшілік еткен ведомство батылдық танытып, осындай қомақты іс атқарды. Сондықтан мен олар бастаған іске үлкен құрметпен қараймын».
https://kaz.365info.kz/erasyldyn-erke-khyzy-khazakhtildi-halykh-zhana-ministr-turaly-ne-dejdi-301562
Орталық Азиядағы демократияны дамыту қорының бас директоры, саяси ғылымдар кандидаты Толғанай Үмбетәлиева Ерасылдың қызы Әбілқасымованы тәжірибесі жоқ, жас маман дейді.
– Тамара Дүйсенова өзін ісіне мығым, білікті, кәсіби маман ретінде көрсете білді. Әрине, бір жылдың ішінде әлеуметтік саладағы жағдайды шынайы өзгертіп, жылдар бойы қордаланып қалған мәселелерді шешу қиын. Қанша жерден кәсіби маман болсаң да бұл мүмкін емес.
Бірақ министр шахтерлердің бас көтеруі кезінде мемлекет өкілі ретінде елеулі саяси қате жіберіп, соның салдарынан лауазымымен қош айтысуға мәжбүр болды, деген болжам айта аламын.
Оның мәлімдемесі даулы жағдайдың шешілуіне ықпал етпей, керісінше, жағдайды ушықтырып, қоғамда кері, жағымсыз пікір туғызды. Сол сәтте министр шарасыздық танытып, жағдайды игере алмайтын адамның кейіпін танытты.
Президент үшін бұл сәтсіздікке пара пар. Өйткені бүгін мемлекет басшысы үшін кез-келген қайшылықты қоғаммен, халықпен бірлесіп шешкен маңызды. Ол мұны бірінші кезекте өзінің әр саладағы министр-менеджерлерінен күтеді, — дейді сарапшы.
Ал жаңа министр Әбілқасымованы сарапшы «әлі маңызды әрі күрделі мәселерді шешуде тәжірибесі жоқ, жас маман» ретінде сипаттады.
https://kaz.365info.kz/shykhsyn-efirge-kopbalaly-ana-dyjsenovany-zhekpe-zhekke-shakhyrdy-289767