Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
442
-1.91
EUR
474
-2.45
RUB
4.75
-0.07

“Қалай өзі?..”. Қазақтар бәсіресі бар баламен үлкен кісіше сөйлескен

575

Нағашысының бұл сыйына Райымбек өте қуанады. Көк тайына «Көкойнақ» деп ат қояды. Жүген салып, жетелеп жүріп, нан-сүт беріп айтқанын істеуді үйретеді. Көктай Райымбектің баулуымен аяқтарын бүгіп, биіктен секіріп, жардан қарғуға, жатып-тұрып, суда жүзуге бейімделеді. Өсе келе батырдың сенімді серігі болады.

https://kaz.365info.kz/balasy-zhokhtar-khazakhtar-toj-tomalakhkha-kimdi-shakhyrmagan-296678

Бәсіре баланың өзін ересек сезінуіне де әсері мол болған. Бұны қазақтар жақсы білген. Сондықтан бәсірелі баламен бұрынғыдай баласынбай сөйлескен.

Қазақтың тарихын, тұрмыс-тіршілігін тереңінен зерттеген білгілі ғалым Ақселеу Сейдімбек «Ойтолғақ» атты күнделігінде өзінің бәсірелі болған балалық шағын былай деп еске алады: «… Менің есімнен кетпейді, алты-жеті жасымда бәсіре тайымды бұлақтан суарып, қайтып келе жатқанымда алдымнан жолыққан қарт ана маған жол беріп, өткізіп жіберіп еді. Мен пионерлік түсінікпен «Апа, өтіңіз» дегенімде әлгі кейуана:

«Жоқ, шырағым, бәсіре пырағын жетелеген азаматтың жолын кесуге болмайды, өтіп кет!» деп бұйыра тіл қатқан дауысы әлі құлағымда.

Маған жол берген ана менің көз алдымда тәңіріге айналғандай әсер әлі күнге дейін жан-жүрегімді толқытады».

Бәсіре жас балаға естен кетпестей әсер еткен. Осы бір тәрбиелік мағынасы терең дәстүр ер балаларға үлкен өмірлік жолдың бастамасы болғаны анық. Ақын Мұқағали Мақатайұлының болашақта үлкен жыр алыбы болып қалыптасуына да осы дәстүр игі әсерін тигізген болуы мүмкін. Балалық шағында есте қаларлықтай болған оқиғаны ақын кейін есіне алып «БӘСІРЕ» атты өлең жазған:

Жылқышы атам – қамқоршы, асыл еді,

Әкелді де, ерттеді бәсірені.

Үзеңгімді тең теуіп, орныққанша,

Бәсірені құлақтан басып еді.

Асау тай мөңкитұғын көрінбеді,

Тебінбеді, немесе шегінбеді,

Атам тайдың құлағын қоя беріп,

Тізгін-шылбыр ұстатып: – тебін! – деді.

Сарт еткізіп бір теуіп мамағашты,

Әзер тұрған ала тай ала қашты.

Бір тентектің үстінде бір тентек бар,

Екі тентек айдай кеп жағаласты.

Жүйрік желмен біз қашан жарысқалы,

Атамдар да, ауыл да алыстады.

Қос тентектің қызығын көп көрді ме,

Көршілердің иті де қалыспады.

Ұласып иттер даусы аттан құрды,

Бәсірем атылады сақпан құрлы.

Екі тізгін, бір шылбыр қолға ұстатып,

Осылай Атам мені аттандырды.

Құлаймын-ау деген бір қауіппенен,

Шауып келем, ызғытып шауып келем.

Атам таққан құйысқан түсіп қапты,

Әттеген-ай, қай жерден тауып берем…

Бүгінгі бейбіт заманда балаға бәсіре тайын мінгізу өзінше жаңа үрдіспен жалғасып жатқан игі дәстүр. Қазақтар балаларының сүндетке отырғызылып, мектепке барғанына қуанып үлкен той жасайды. Биік те сәулетті тойханаларда жүздеген жақын туыстарын, құда-жегжатын, жора-жолдастарын шақырып қуаныштарымен бөліседі. Қазақ оюларымен көмкерілген кемзал мен шалбар, ұшы қайқайма етік, қазақ батырларының үлгісінде пішіліп тігілген ұлттық киімдер кигізіп, басына дулыға, қолына қалқан мен қылыш ұстатып балаларды бәсіре тайға мінгізіп тойхана төріне шығарып айнала жүргізеді. Қуанған халайық «Дәу жігіт бол!», «Үлкен азамат бол!», «Халықтың ұлы бол!» деген тағы басқа да тілектермен аттың сауырындағы қоржынға байғазы салып жатады.

https://kaz.365info.kz/estirtudin-zhoni-bolek-khazakhtar-khazany-khalaj-estirtken-298188

Баталар беріліп, тілектер айтылады. Ән шырқалып, билер биленеді. Осындай тойлар баланың есіне жақсы сақталынады да болашақта көздеген арманына жетуіне үлкен септігін тигізеді.

«Бәсіре» – балажан қазақ халқының жанына ең жақын дәстүрлердің бірі.

Бердалы ОСПАН, мәдениеттанушы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз