Алпамыс Шәрімовті көпшілік Димаш Құдайбергеннің досы әрі пиар-менеджері ретінде таниды. Алайда соңғы кездері Димаштың жанынан Алпамыс көрінбей кетті. Ел арасында екеуінің арасына дақ түсті деген алып-қашпа сөздер де бар.
Өйткені бір-бірі туралы өздерінен сұрасаңыз олар бұл сұрақты жауапсыз қалдыратын. Бір тілшілер Алпамыс Шәрімовтің шетелде демалып жүргенін аңғарып, желідегі суреттерін де жариялап еді.
Сөйтсек арадағы демалыстан соң Алпамыс Шәрімов Отанға оралып, жақында «Қазақ радиосының» шаңырағында «136 сұрақ» деп аталатын авторлық бағдарламасының тұсауын кесті.
https://kaz.365info.kz/tysingenderinizge-rakhmet-sahnaga-koterilgen-dimash-nege-an-oryndamady-299668
– Не үшін, халық бізді қатар көрген кезде сүйсіне қарайды? Себебі, екеуміз де шығармашылық адамымыз. Бірақ, біздің жолымыз екі басқа. Яғни, менің өз жоспарым, өзім ләззат алатын дүниелерім жетеді. Димашта да дәл солай.
Айтпағым, Димаштың алдындағы достық миссиямды мен толық орындадым деп айта аламын. Қолдайтын жерінде жанынан табылдым, қуанышын бірге бөлістім. Әрине, Димашпен әрі қарай жұмыс істеуіме де болар еді, өйткені, оның өнерде алар белесі биік.
Десе де әр адам бұл өмірде өзіндік қолтаңба қардыру керек деп есептеймін. Сол үшін шығармашылықта әркім өз жолыммен жүргені дұрыс деп шештік.
https://kaz.365info.kz/osylaj-istejmin-dimash-dauysyna-khatysty-khypiyasymen-bolisti-video-299306
Соған қарағанда Алпамыс Димаштың көлеңкесінде қалып қалғысы келмейтін сияқты. Ол да талантты адам. Сондықтан өз жолымен кетуді жөн көрген секілді. Бұл да бір жағынан дұрыс қой…