Өткен жылы екінші рет шаңырақ құрған Дана Нұржігіт өміріндегі соңғы жаңалықтарымен бөлісіп,бұрыңғы жұбайын да әңгімеге арқау етті.
Тележүргізуші бұл туралы Қазақстан Ұлттық арнасындағы “Бақытты әйел” бағдарламасында сөз етті.
https://kaz.365info.kz/yly-dalanyn-byzakhy-balasy-dana-nyrzhigit-toregaliden-teris-ajnaldy-295168
Қазіргі қызметінің себебінен үйдегі ана мен жардың қызметін дұрыс атқара алмай қалатын кездердің болатынын да жасырған жоқ
Онымен қоса, жар таңдағанда осы жолы өзінің ғана шешімі емес, ұлы Әлімнің шешімі ең ақырғы нүктесі болып танылғандығын айтты.
«Екеуіміздің мінезімізде қайшылықтар бар.
Мен бір шешім қабылдар алдында ұзақ ойланып кетемін. Мұраттың бойында тәуекелшілдік бар. Оның артықшылығы да осында. Өзім ұзақ ойланып, көптеген мүмкіндіктерді жіберіп аламын.Осы неке бойынша соңғы шешім Әлімде болды. Ол Мұратты бір көргеннен әкелеп жүгіргенде менің тағдырым шешілді. Олар бірін-бірі өте жақсы көреді. Өткен жолы Мұрат менің шаршағанымды жүзімнен байқап «Демалып қайтсаң қайтеді?» деді.
https://kaz.365info.kz/eshkimge-kereksiz-bolyp-khaldym-dana-nyrzhigit-agynan-zharyldy-278930
Сол кезде өзім Сарыағашты таңдадым. Әрі миыма, әрі денсаулығыма көңіл бөлейін деп шештім. Екі апта баланың үстіне қыл жуытпай қарапты. Сабағына алып барып, тамағын беріп, киімін таза ұстаған. Мен Мұраттан осындай көмек көрдім. Алғаш рет осындай қамқорлық көрдім. Ер азаматтың бойындағы балажандылықты көріп, елжіреп кеттім.
Себебі, мен ондайды көрмегем.
Шаруаның бір жағына шығып, болысып жіберу деген осы шығар. »,-дейді журналист.
Сонымен қатар, тележүргізуші бұрынғы жұбайы Владимир Рерихпен неліктен ажырасқандығын айтты.
« Ол кісі білімді, ағартушылық жолда еңбек еткен жан болды.
Владимир Рерихпен соңғы рет екі апта бұрын сөйлестім.
Ол жерде балаға қатысты мәселе бойынша сөйлестік. Ол кісіні ойшыл, ақылды адам ретінде жақсы қабылдаған болатынмын.
Бірақ, ерлі-зайыптылар ретінде екеуіміздің әңгімеміз аяқталған. Отбасында әйел бос орынға айналған кезде, кім екенін білмей дал болған кезде ерлі-зайыптылардың әңгімесі бітеді. Мен шындықты жақтайтын адаммын.
Сол кезде ажырасу жайлы арызды өзім бердім»,-деді Дана Нұржігіт.
https://kaz.365info.kz/telezhyrgizushi-dana-nyrzhigit-yjlenu-tojyn-otkizdi-foto-video-273695